Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерде жұмысшы мамандарын даярлау туралы айтты. Биыл Президенттің «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы да қоғамда еңбек адамына деген құрметті көрсетеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмысшы мамандықтарының әлеуеті кеңейіп, еліміздің индустриясына қажетті кадрлар дайындауға басымдық берілуде. Колледждердің материалдық – техникалық базасының нығаюымен қатар, жаңа мамандықтар ашуға жол ашады.
Әр адам үшін маңызды дүниенің бірі – мамандық таңдай білу. Жаның қалаған, қолыңнан келетін іске бел буу болашақ кепілі. Қоғамға қажетті, сұранысқа ие кәсіптік білімді меңгеру, жарқын келешекке жасаған бір қадам.
Бұл тұрғыда Президент Үкіметке осы мәселемен мұқият айналысуды тапсырды. Жастардың мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдар беруге баса назар аударуды, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау қажеттігіне де тоқталды. Бұл ретте Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдануды ұсынды. Әрине, оқу орындары бір-бірімен байналысып, тың ақпаратпен бөлісіп, тәжірибе алмасып отырса саланың дамуына оң әсер етеді.
Шарбану ТОЛЫБАЙҚЫЗЫ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
директорының орынбасары.
Қазалы ауданы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<