Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде қандай шаралар жасалып жатыр

257

0

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

13 өңірде су тасқыны салдарының алдын алу үшін гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 43 іс-шара іске асырылды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.

— Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Айта кетелік Бозымбаев Құлсары, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы қауіпті аймақтарды тексерген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<