Судың да сұрауы бар

644

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауыл шаруышылығы саласына жұмсалатын судың ысырабына байланысы өзекті мәселені қозғап өтті. Бұл негізгі тіршілік көзі – ауыл шаруашылығына бейімделген Сыр өңірі үшін де өте маңызды.

Дария жағасындағы диқандар кейінгі жылдарда судың тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келуде. Дегенмен алынған судың тиімді мақсатта жұмсалмауы ойландырады. Сан алуан себептерге байланысты діттеген жеріне жетпейді. Сондықтан озық технологияларды өндіріске енгізуде батыл қадам жасағанымыз абзал.

Бұл бағытта облыс басшылығы тарапынан қажетті іс-шаралар қолға алынып отыр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезекті жиынның бірінде осыған қатысты жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берген болатын.

Қазір облыста каналдарды цифрландыру қолға алынуда. Осы мақсатта украиндық ғалымдармен әріптестік орнатып, тиісті жұмыстар басталды. Нәтижесінде16 магистралды және шаруашылық каналдарды реттеу қолға алынып отыр. Ал негізгі магистралды каналға су бөлуді автоматтандыру үшін Австралияның «Рубикон» компаниясы зерттеу жұмыстарына кірісті.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<