Қызылорда қаласындағы NIS-тің география пәні мұғалімі Арай Нұрбаева республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында ІІІ орын иеленді. Ол танымал Minecraft платформасы арқылы географияны қызықты және интерактивті түрде оқытудың нновациялық жобасын таныстырды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Арай Талғатқызының ұсынған оқыту әдістемесі оқушыларды географиялық объектілер мен үдерістерді виртуалды ортада модельдеуге мүмкіндік береді. GeoFuture-Minecraft – мұғалімдерді оқытудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдануға және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуге шабыттандыратыны сөзсіз.
«Педагогикалық идеямның мақсаты – география сабағын заманауи және қызықты өткізу. Бұл формат білім алушыларды әлемдік тұрақты даму мақсаттарын зерттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылықты арттырады. Оқушылар сабақта алған теориялық білімдерін Minecraft-та нақты жобалар жасау арқылы тәжірибеде қолданады. Экологиялық тұрақты қалаларды жоспарлау, баламалы энергия көздерін алу және климаттың өзгеруін зерттейді», – дейді Арай Талғатқызы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<