Сырдарияда кәсіпкерлік саласында 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

410

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Былтыр мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 5,9 млрд теңгені құрайтын 327 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ауданда 2693 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2626 болып, тіркелгендерге үлесі 97,5 пайызды құрады. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 138 млн теңгенің 14 жобасы қаржыландырылды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша құны 1,7 млрд теңгенің 47 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан субсидияланды. «Ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 139 адамға 205,3 млн теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 1,6 млрд теңгенің 72 жобасы қолдау тапты. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы арқылы құны 1,5 млрд теңгеге 25 ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.