Табиғатқа қамқорлық жасап, айналаны қоқыстан тазартыңыз

314

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурызнама 10 күндігі аясында Тазару күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Қала көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысты. Аймақ басшысы келешек ұрпаққа сая болсын деген ниетпен көшет егіп, жасыл желекті көбейтудің маңызын атап өтті.

Игі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов және Руслан Рүстемов қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау бастамасына қолдау білдірді.

Тазару күні – тек айналаны тазарту ғана емес, ой мен сананы сергітетін ерекше күн. Бұл күннің мәні – табиғатты қоқыстан арылтып, айналамызды ретке келтірумен қатар, ішкі жан-дүниемізді де тазартып, жаңару.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<