Табиғатты қорғаудың қарапайым жолы

7

0

Табиғаттың ажырамас бөлігі болып саналатын құстар зиянкестерді азайтып, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Оларға арналған ұя жәшіктерін (скворечник) орнату – оларды қорғаудың тиімді тәсілі. Мұндай жәшіктер әсіресе торғай, қараторғай, шымшық сияқты ұсақ құстар үшін өте пайдалы.

«Таза Қазақстан» акциясы және респуб­ли­калық «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында табиғатты қорғау мақсатында өңір­де «Құстарға қамқор болайық!» акциясы Жа­ңақұрылыс елді мекенінде және Арал қала­сында ұйымдастырылды. Акцияға «Бар­са­келмес» қорығының қызметкерлері, Жаңа­құрылыс елді мекенінің №74 орта мектебінің, Арал аудандық оқушылар үйінің оқушылары белсенді қатысып, құстарға қолайлы мекен жасауға үлес қосты.

Іс-шара барысында қатысушылар алдын ала дайындалған ұя жәшіктерін ағаштарға орнатты. Қатысушыларға құстарды қорғау, олардың табиғаттағы рөлі және ұя жә­шіктерін дұрыс орнату тәсілдері туралы тү­сін­дірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ба­лаларға табиғатты аялау және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы айтылды.

«Құстарға қамқор болайық!» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Фатима ӘНЕСОВА,

«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері