Талап арта түсер шақ

216

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары, Үкімет қаулылары қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ бас­шысының төрағалығымен өткен мә­жілісте осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

– Бюджетті толық әрі уақытылы игеруіміз, өңірімізге қатысты нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің өсі­мін қамтамасыз етуіміз керек. Жұ­мыс тиісті деңгейде орындалмаған жағ­­дайда бірінші басшылардың жауап­кер­шілігі қаралатынын қатаң ескер­темін.

Қазіргі өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Бағаны күнделікті қатаң бақылауда ұстаңыздар. Өнімдерді тиімді өткізу үшін әлеуметтік дүкендер қызметін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныс беріңіздер.

Одан бөлек, «Байқоңыр» ӘКК АҚ өңірлік тұрақтандыру қорына арзан бағамен өнімдер сатып алуда. Қала, аудан әкімдіктері, кестеге сәйкес әр айға бөлінген өнімді жеткізіп, тұрғын­дарға белгіленген бағамен сатуды ұйымдастырыңыздар, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сондай-ақ алдағы күндерде маңыз­ды іс-шаралар өтетінін айтып, бұл ретте қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақ­тылығын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Адам көп шоғыр­ланатын орындарда кезекшілік ұйым­дастырып, қауіпсіздікті күшейту керек. Ком­муналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Әсіресе, газ, су, электр желілері жұмысының тұрақ­ты­лығын, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеу­меттік нысандарға жылудың толық берілуін бақылауда ұстау қажет­тігін тағы бір ескертті облыс әкімі.