«Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбында қалалық семинар өтті

158

0

Фото: Қалалық білім бөлімі

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясында «Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинарды Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ғалия Ибрагимова ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында «Ұлттық ойын», «Нұрлы бала – қамқор» жобаларының, «Бозінген» ансамблінің жұмыстары таныстырылды.

Тарих пәнінің мұғалімі Зина Сүлейменова – Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында «Кимешек» әжелер мектебі мүшелерімен интеллектуалдық сайыс өткізді.

«Атамекен» мұражай жетекшісі Күлаш Алматшақызы мен тарих пәнінің мұғалімі Бақытбек Таңбаев, Ұлттық құндылық-ұлт қазынасы» тақырыбында мұражай жұмысымен таныстырды. «Темірбек нарком» театрландырылған қойылымы қойылды.

Тарих пәнінің мұғалімдері Серік Байсейітов пен Гүлжайна Жанділдаева «Алаш қозғалысы және қазақ идеясы», «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.

«Өрлеу біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы , ұлттық тренер Раушан Өмірбекқызы Мәрсәлі «Тарихи білім мен ұлттық құндылықтар: оқыту мен тәрбиелеудегі құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында семинарды қорытындылады.

Тарих – біздің өткеніміздің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Ұлы тарих – кемел келешекке жетелейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<