Тарихы терең қала

263

0

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай мектеп оқушылары үшін тарихи орындарға танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар алдымен ғасырлық та­ри­хы бар теміржолшылар клубының ғи­ма­­ратында болды. Бұл нысан 1924-1990 жылдары теміржолшылардың мәде­ни-де­малыс және рухани ор­та­лығы са­налған.

Ал Қызылорда теміржол вокзалы 1905 жылы салынған және әлі күнге дейін өз қызметін атқарып келеді. Вокзал – қаладағы стратегиялық маңызды нысан.

Бұрынғы казарма, қазіргі көркем­сурет галереясы  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында әскери мақсатта бой кө­терген. Бүгінде ғи­марат қылқалам ше­берлерінің шы­ғар­машылығын дә­ріп­тей­тін көркем­сурет кеңістігіне айналып отыр.

Көне ғимараттардың тарихымен терең танысқан оқушылар құнды мәлі­меттерге қанықты.

Одан әрі Сырдарияның сол жаға­ла­уында орналасқан Қызылорда қа­ла­сы­ның тарихи музейіне барды. Қы­зыл­орда қаласы астана болған тұста Қазақ Орталық Атқару комитетінің ғима­ра­тында халқымызға «қазақ»  атауы ресми түрде қайтарылды. Сол жағалаудағы музей осы тарихи ғимараттың сәулет сызбасы негізінде қайта салынған.

Саяхат барысында Қызылорда­ның 1925-1929 жылдар аралығында астана болған кезеңі туралы тың деректер ұсы­нылды. Сол уақыттағы саяси, мәдени және білім беру са­ла­ларындағы маңызды оқиғалар, қа­зақ зиялыларының қызметі туралы мағ­лұматтар да қамтылды. Со­нымен қатар, оқушылар тарихи жәді­гер­­лерді тамашалап, интерактивті экс­по­­­зициялар арқылы сол кезеңнің атмо­сфе­расын сезінді. Музейде ор­налас­қан жәдігерлердің тарихына жеке-жеке тоқталған маман оқу­шылардың сұрақтарына жауап берді.

     «СБ» ақпарат