«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырып жатқан дәстүрлі «Taza Qazaqstan» ROAD-эстафетасына қатысушылар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары аумағын басып өтіп, Қызылорда өңіріне табан тіреді.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық бастамаларға кең көлемде қолдау көрсету.
Шиелі ауданына келген эстафета қатысушылары тазалық акциясына белсене атсалысып, Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік жолы бойында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық бастамаға халық қалаулылары, мемлекеттік қызметшілер, «AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және жергілікті тұрғындар белсенді түрде атсалысты.
Бұл игі бастама Жаңақорған мен Шиелі аудандарында жалғасын тауып, Қызылорда қаласында салтанатты түрде қорытындыланады.
Эстафета – тек экологиялық тазалық қана емес, бұл – ұрпақ санасына табиғатты сүюді сіңіру жолындағы маңызды қадам.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






