Тазалық науқаны жалғасуда

56

0

Фото: Арал ауданы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қазіргі таңда қала көшелеріндегі бордюлерді тазалау, қоғамдық-мәдени орындардағы маңызды нысандарды сырлап, ретсіз өсімдіктерден тазарту жұмыстары қолға алынуда.

Негізі науқан аясында көшелер мен әлеуметтік нысандар, мәдени орындар мен маңызды жүйелердің маңайын тазалау жұмыстары қамтылған.

Қазіргі таңда аталған экологиялық науқанға қала, кент және барлық ауылдық округтер қарқынды үлес қосуда. «Тазалық табалдырықтан басталады» деген тәмсілді берік ұстанған аралдықтар бүгінде өз көшелері мен тынығатын мәдени орындарды таза ұстауға дағдыланып келеді.

Аудан аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық акцияның негізгі мақсаты да – тазалық мәдениетін қалыптастыру болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды ертелі-кеш жүргізіп жатқан барша қала жанашырлары мен тазалыққа үлес қосып жүрген қауымның еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Сондықтан әрбір қала тұрғынын көрікті шаһарымыз бен ауламызды таза ұстап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<