Темірді өндіру цехында тәжірибе алмасты

48

0

Фото: Жаңақорған ауданы

Аудан әкімі Мажит Самитовтың бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданындағы пробация қызметі есебіндегі және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар әртүрлі кәсіптермен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіне келді.

Қарабұлақ ауылы елімізде тек үлкен мал базарымен ғана танымал емес. Ауыл тұрғындары отбасылық мал бордақылау, жылына екі рет бақша өнімдерін егу және темірді өндіру цехы жұмыстарымен айналысады.

Тәжірибе алмасудың ең басты мақсаты алдағы уақытта азаматтарымыз жаңа бастамаларға арналған гранттар мен жеңілдетілген пайызбен несие алып, жұмыс жасауға бейімдеу.

Осыған дейін ауданындағы пробация қызметі есебіндегі және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар мен азаматшаларға құқықтық және психологиялық кеңес беру, қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Қызылорда қаласынан психолог Индира Ақжігітіова шақыртылып, семинар тренинг өткізілді.

Сондай ақ Жаңақорған аудандық прокуратурасы үнемі есепте тұрған азаматтар мен азаматшалардың мекен жайларын аралап, кәсіпке бейім жандарға мониторинг жасап, қолдау көрсетіп келеді.

Жаңақорған ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<