«Тіл табысу оңай болған жоқ»: Әсел Асқар өгей әкесінің туған күнімен құттықтады

249

0

Фото: Видеодан скрин

Танымал блогер, актриса Әсел Асқар өгей әкесінің туған күнінде жан тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы екінші әкесіне не сыйлағанын да көрсетті.

«Көке деген қазақ тілінен аударылғанда «папа» болады. Ол менің екінші әкем болғанына 25 жыл болды.

Мен оны қатты жақсы көремін. Ол сондай жақсы адам. Бізге алғашқы жылдары тіл табысу оңай болған жоқ. Қазір де кесіп өтпейтін сызықтар бар. Оның да кейін өшірілетініне сенемін. Мен оған балалық шағым үшін алғыс айтамын. Өйткені ол менің анамды жақсы көрді. Бұл ризашылығымды қамқорлық пен ілтипат арқылы білдіремін. Егер «менен өгей әке қандай болуы керек?!» деп сұраса, мен оны мысал ретінде айта аламын. Мейірімді, сабырлы, үнемі ақылын айтып отырады. Көке, біз сенімен бақыттымыз. Бала-шағасын айтпағанда ол үнемі бауырларына көмектесіп жүреді. Енді анам-екеуі өздері үшін өмірг сүрсе деп тілеймін», – деді блогер.

Еске салайық, Әсел Асқар 25 жылдан бері көріспеген әкесімен қауышқанын жазған едік.

Актриса 7 жасқа толғанда ата-анасы екі жаққа кеткен. Әкесі екінші рет шаңырақ көтеріп, бөлек тұрған. Әкесі мен қызы 25 жылдан кейін бірге тойға қатысып, көпшіліктің көзіне түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<