Төтенше жағдайға тастүйін дайын

154

0

1995 жылы Әйтеке би кент­інде өмірге келген Алтын­бек Қанжарбекұлы Шым­кент­тегі Халықтар достығы универ­си­тетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаса да, оқу орнын бітіріп шыққан соң на­ғыз ер-азаматтарға тән тө­тенше жағдайлар қызме­тін­дегі өрт сөндіруші-құтқарушы қызметін таңдады. Бұл таң­дауға темір тәртіпке негіз­дел­ген теміржол саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан ата-ана­сы Қанжарбек Қамбаров пен Дариха Мамбетованың да ықпалы болғаны рас.

Алдымен 2017 жылы Арал аудандық төтенше жағ­дай­лар қызметінің өрт сөн­діру бөлімінде бір жылдай тәжі­рибе жинақтап, 2018 жылы Қа­залы ауданының төтенше жағ­дайлар қызметі №9 өрт сөндіру бөліміне өрт сөн­діру­ші-құтқарушы мамандығы бо­йынша жұмысқа орналасты.

– Адамның өмірі, табан ет маңдай терімен жиған дүние-мүлкінің, сонымен қатар халықтың ортақ қазынасы – мемлекет мүлкінің кез келген төтенше қауіп-қатерден аман болуы басты міндетіміз, – дей­ді өрт сөндіруші-құтқа­рушы Алтынбек Қанжар­бек­ұлы. – Әрине, «сақтансаң сақ­тай­мын» деген бар ғой. Ең бірінші кезекте тұрғын­дардың бейқам болмай, дү­ние-мүліктерінің, отбасы-ба­ла­ла­рының қауіпсіздігіне жа­­уап­кершілікпен қарауы  өзде­­ріне де, төтенше жағдай қыз­метіне де өлшеусіз көмек болар еді. Тұрғындардың, тө­тенше жағдайлар қызметінің бірлесе жұмыс жүргізуі, на­сихат жұмыстары нәтижесін береді деп ойлаймын.

Өз мамандығының қадір-қасиетін, бағасын, жауап­кер­­шілігін жақсы сезінетін Қа­за­лы аудандық төтенше жағ­­дай­­лар қызметі №9 өрт сөн­­діру қызметінің өрт сөнді­руші-құтқарушысы Алтынбек Қан­жарбекұлы өзінің 24 са­ғат­тық жауапты қызметінде ұжымдастарымен бірге қандай да бір төтенше жағдайдың ал­дын алуға әркез дайын екеніне сенімді.

Әлімжан ҚИЯС.

Қазалы ауданы