Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті

559

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордағы сілтеме жасап.


«Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Осы бауырмалдығымыз нығая түссін. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болып, ынтымағымыз жараса берсін!», – деді Мемлекет басшысы.


Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<