Түркияда кеше болған жер сілкінісінен көз жұмғандар саны өсті

516

0

Сурет ашық дереккөз

20 ақпанда Түркияның Хатай провинциясының Дефне ауданында болған тағы 6,4 балдық жер сілкінісі құрбандарының саны 6 адамға жетті, 294 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Антакия қаласында тұрғын үйлердің бірінің қирандылары астынан бір адам құтқарылды, сондай-ақ үш адамның денесі шығарылды.

Дүйсенбі күні кешке Гази орамындағы тұрғын үй жерасты дүмпуінің әсерінен опырылып құлады. Үйінді астында 4 адам қалды. Олар 6 ақпанда эпицентрі Қахраманмарашта болған жер сілкінісі кезінде зардап шеккен ғимараттардан заттарды тасымалдаумен айналысқан жеке көлік компаниясының қызметкерлері.

Оқиға орнына елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу келді. Компания қызметкерлерінің бірі Саваш Джунейдиоглу құтқарылды. Үйінді астынан тағы үш адам – Сервер мен Хусейн Джунейдоглу, Мисбах Халлактың денелері шығарылды. Көлік компаниясының қызметкері Салман Халлак Анадолы агенттігіне жер сілкінісі кезінде жұмысшылар ғимараттан заттарды шығарып жатқанын айтты. Ғимаратта іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Жараланған 294 адамның 18-інің жағдайы ауыр.

Түркияда кеше болған жер сілкінісінен көз жұмғандар саны өсті

Еске салайық, 20 ақпанда Түркияның Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болған жер сілкінісі тіркелді. Кейін 5,8 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. Түркияның оңтүстік-шығысында үйлер опырылып құлады. Жерасты дүмпулері Сирия, Ливан, Кипр, Израиль, Иордания, Ирак, Палестинада да сезілді.

Түрік билігі теңіз деңгейінің көтерілу қаупі бар екенін мәлімдеп, кейін цунами ықтималдығын жоққа шығарды. БАҚ Сириядағы жаңа жер сілкінісінен бес адам құрбан болғанын хабарлады.

Түркияда 6 ақпан күні болған зілзала салдарынан қаза болғандар саны 41 мыңнан асты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<