Фото: smotrim.ru
Құтқарушылар Газиантеп қаласында үйінділердің астынан 2 миллион долларға жуық ақша тауып, оны полицияға тапсырды деп хабарлады turkystan.kz 7kun.kz сайтына сілтеме жасап.
Anadolu жазуынша, құтқарушылар бұл ақшаны Ayşe-Mehmet Polat тұрғын үй кешенінен ер адамның денесін алып шыққанда тапқан.
«Ер адамның жанында барлығы 2 миллион доллар болды, құтқарушылар полицияға өткізді. Біздің жігіттер бірінші кезекте адамды құтқарады, ал табылған құнды заттарды полицияға береді. Бұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ», – деді Газиантеп өрт сөндіру қызметінің басшысы Джафер Йылмаз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<