Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі «AML ACADEMY» академиясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ауқымды форум өтті.
Шараға 500 мыңнан астам адам, оның ішінде мәдениет, спорт, ғылым, мемлекеттік қызметкерлер, дін қызметкерлері, бизнес, қоғамдық ұйымдар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.
Форум аясында бір уақытта 5 орын орналасты: қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы, О.Жарылқапов атындағы Орталық стадион, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, IUTH – Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті көпсалалы кешен Конгресс-холл.
Оқушылар мен студенттерге арналған панельдік сессиялар, қызу пікірталастар, интеллектуалдық викториналар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың бойында құқық тәртібі мен заңды құрметтеу мәдениетін тәрбиелеуге арналған «үлкен үзіліс» кезінде студенттер дайындаған флешмобқа ерекше назар аударылды.
Осымен қатар кәсіби психологтар жеке тұлғаның дамуы мен құмар ойындарға тәуелділік иммунитетін қалыптастыруға арналған тренингтер мен дәрістер өткізсе, шығармашылық театр ұжымдары алғаш рет ойынға тәуелділікке қарсы тұру тақырыбында қойылым ұсынды.
Форум білім алмасуды жеңілдетіп, топтық өзара әрекеттесуді нығайтты, экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне жастарды тартуды арттырды.
Мұндай іс-шаралар қаржылық сауаттылықты арттыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті насихаттау, қаржылық пирамидалар мен құмар ойындардың алдын алу, есірткінің, есірткі бизнесінің таралуына қарсы тұру және кибергигиенаны сақтауға бағытталды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<