«Қазіргі таңда қаңғыбас иттер шоғырланып, кейбір жерлерді мекен етіп алған. Ондай жерлерден бала тұрмақ, ересек адамдардың да өтуі оңай емес. Енді күн ерте батып, оқушылар сабақтан қараңғы уақытта қайтады. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, тиісті шаралар қабылданбаса, арты қайғылы жағдайларға ұласуы мүмкін», – деген аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәжіліс отырысында тұрғындар қауіпсіздігіне қатысты тиісті тапсырмалар берді.
Жауапты басшыларға Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
Адам өмірінің қауіпсіздігі басты назарымызда болуы тиіс екенін ескертті.
Президент Жарлығына сәйкес 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күзгі әскерге шақыру кезеңіне сәйкес әскерге баратын азаматтарға түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Тапсырмалардың орындалуын бақылау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменовке жүктелді.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<