Тындырымды істің тетігі

8

0

Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу жұ­мыстары 2024 жылы басталып, 3 жылға жос­парланды. Ал «Саутс ойл» се­ріктестігі «Құм­көл» кен орнындағы «Қарағансай» учас­кесінде дәстүрлі емес көмірсутекті игеру бойынша жұмысты қолға алды. Қазір шет елдерден мамандар тартылып, жаңа өндіру әдісі енгізілуде. Жоба бойынша тәулігіне 70 тонна мұнай өндіру күтілуде.

Басқарма Энергетика министрлігі об­лыс­қа бөлген сұйытылған мұнай газды оператор­ларға бөліп, мониторинг жасайды.

Өткен жылы 88,8 мың тонна шамасында сұйытылған газ бөлінген, айына орта есеппен 7 мың тонна. Тиімді жұмыс­тың нәтижесінде қосымша 20 мың тонна газ бөлінді.

Экономиканы әртараптандыру үшін алда­ғы үш жылда 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Мәселен, «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің ав­то­маттандырылған кірпіш зауыты. Зауыт жылына 90 млн кірпіш шыға­рып, жер­гілікті құрылысқа қажетті сұра­ныс­­тың 90 пайызын қамтамасыз етуде. «Қы­зылорда Нан» серіктестігінің нан өнімдері кешені іске қосылды.

Брифингте басқарма басшысы кәсіп­керлік және сауда бағыты бойынша да атқарылған іс тындырымды екенін айт­ты. Облыста кәсіп­кер­ліктің даму қар­қыны белсенді, шағын және орта биз­нестің экономикадағы үлесі 20,5 па­йыздан асты, 65 мыңнан аса кәсіпкер жұмыс істейді.

Мемлекеттік қолдау шараларының аймақта жүйелі әрі тиімді жүзеге асырылуы кәсіпкерлік саласындағы негізгі көрсеткіштердің өсімін қамтамасыз етті.  Былтыр жеке кәсіпкерліктің 2 929 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде, шағын және орта бизнестің 210 жобасы субсидияланып, 145 жобаға ке­пілдік берілді.

Елімізде қаржы институттары өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағыттал­ған «Өр­леу» бағдарламасын жүзеге асырып, биз­нестің 49 жобасы қаржыланды­рыл­­ды. Ауылдық жер­де микро және шағын бизнесті қолдауға бағыт­талған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 388 жоба, «Қызылорда» өңірлік инвести­циялық ор­та­лығы арқылы 86 жоба несие­лендірілді.

Биыл жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін субсидиялау, кепілдендіру, жеңілдікпен несиелер беру құралдары қарастырылып, 543 жобаны қаржылай қолдау жоспарлануда.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес «Іскер аймақ» ша­ғын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағ­дарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында сыйақы мөлшерле­месі­нің бір бөлігін субсидиялау, шағын кәсіп­керлік субъектілеріне қаржылай емес және инфра­құрылымдық қолдау шараларын ұсыну көзделген. «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылған жобаларды осы «Іскер аймақ» бағдарламасымен қар­жыландыру арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.

Басқарма «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорымен бірлесіп, экономикалық қызметтердің басым тіз­бесін айқындау жұмыстарын жүр­гізуде. Жыл көлемінде кәсіп­керлікті дамыту және қолдауда даму институттарынан қаржы тарту шаралары атқарылады.

Үкімет бекіткен жол картасына сәй­кес облыс орталығында 4 әмбебап базар жаңғыр­тылуда. Оның ішінде, «Сұлтан-2» базарының құрылысы толығымен аяқ­талып, техникалық режимде жұмыс жа­сауда. «Сыбаға» базары­ның 6 cауда қатары бұзылып, құрылыс алаңы дайындалып жатыр, «Талғат» және «Асбол» базарының құрылысы басталды.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»