Тың бастамалар жүзеге аса бермек

67

0

Фото: Автордан

Қызылорда қаласында өткен Ұлт­тық құрылтайдың V отыры­сын­­да еліміздің болашағын ай­қын­­дайтын ең маңызды мә­селелер қа­ралды.

Әділетті, қуатты, қауіпсіз әрі та­за Қазақстанның тұ­ғы­рын одан әрі нығайту, заман талабына сай бе­йімделу мақсатында іске аса­тын пар­ламенттік реформа ая­сында Ата За­ңымыздағы өзге­ріс­тер ауқымды болмақ.

Бұл реформа жаңа Конс­ти­туция қа­былдаумен пара-пар бо­­латыны ай­­тылды. Әри­не бұл өз­герістер бү­кіл­халықтық ре­фе­рен­думда қолдау тапқанда орын алады. Мемлекеттік билік реформалары бір палаталы пар­­­ламент-құрылтайға көшу, халық ке­ңесін құру, вице-пре­зидент лауа­зымын енгізу билік­тің әле­уетін арт­тырып, мемле­ке­тіміздің дамуына серпін бе­­ретін болады.

Құрылтай жиынында еліміз­дің әлеу­меттік-экономикалық, саяси, мә­дени дамуына қатысты бағыт-бағдар айқындалып, құ­зырлы ор­ган­дарға нақ­ты тапсыр­малар беріл­ді.

Ұлттық құрылтайдың V қо­ры­тынды отырысына құрылтай мү­ше­лерімен бірге, бір топ Сыр өңі­рі­нің азаматы қатысып, мем­ле­кет­тік наг­ра­далар алды. Бұл бүгінде қарыш­тап дамып, өзге өңірлерге үлгі болып жат­қан Қы­зылорда об­лысына деген Мем­лекет басшы­сы­ның құрметі деп білеміз.

Кейінгі кездері Қызылорда об­лысы заман талабына сай өсіп-өр­кендеп жатқанын айтқан Мем­лекет басшысы «Мен Сыр елі жұрт­шылығы бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қам­қор­лық пен жанашырлықты, на­­ғыз отаншыл­дық­ты көремін» деп ерек­ше тоқ­талды.

Қызылордада 300 орынға ар­­нал­ған көпбейінді аурухана құ­ры­лысы бас­талды, көп ұзамай Прези­дент тап­сырмасына орай 500 орын­дық емхана, 200 орын­дық пер­зент­хана салына­тын бо­лады. Жос­парлан­ған авто­мо­биль жол­дары, түр­лі ны­сан­дар іске қосыл­ғанда об­лыс әлеуеті әлде­қайда артып, өңі­ріміз өркендей түседі.

Ел игілігі жолындағы жаңа­шыл бас­тамаларға ұйытқы бо­лып, алға же­­телеп, халық алғы­сына бөле­ніп жүрген облыс әкімі Нұрлы­бек Маш­бекұлына да ри­зашылы­ғы­мыз­ды біл­діреміз.

Ал мен үшін ең әсерлі сәт Ұлт­тық құрылтайда Президент қо­лы­нан «Парасат» орденімен мара­патта­луым болды. Бұл ма­ра­пат ме­нің қо­ғам алдындағы жауапкер­шілігімді есе­­лей түседі. Мемлекет басшысына үл­кен құрметіміз бен шынайы ықыла­сымызды білдіреміз.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жар­қын, баянды болсын.

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,

қалалық мәслихат төрағасы