Үйірмелер мақсатты жұмыс жасау қажет

54

0

Фото: Жалағаш ауданы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын өнім берушілер , ата-аналар және ваучерлермен кездесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ кездесулер өткізді.

Зерделеу жұмыстары барысында Мәдениет ауылында қызмет ұсынатын «Санжар» жеке кәсіпкерлігі, Таң ауылында қызмет ұсынушы жеке кәсіпкер «Асия» және Аққұм ауылында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет ұсынатын «Nur-San» жеке кәсіпкерлігі ұсынған өнімдер бойынша кездесулер өтті.

Кездесу барысында үйірмеге қатысушы балалар мен олардың атаналарынан еркін пікір алмасулар болды. Бұл ретте, аудан әкімі Ардақ Ибраимов мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тапқан үйірме жұмыстары мақсатты жүзеге асуы маңызды екенін жеткізді. Өз жұмысына тиянақты тапсырыс берушілер қолдауға лайықты болатынын айтты.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<