Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды

78

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

Жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтің, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқаны атап өтіліп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірілген.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.

Табысты өтуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі Қырғызстанды одан әрі дамыту жолындағы стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті.

– Парламент сайлауы Сіздің қуатты әрі өркендеген ел құру бағ­дарыңыз халықтың жаппай қолдауына ие болғанын көрсетті. Стратегия­лық серіктестік пен одақтастық сипатындағы қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Ғасырлардан тамыр тартатын достығымызға, тату көршілік байланысқа және өзара қолдауға арқа сүйей отырып, жетістіктерімізді еселей түсетінімізге әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.