Үндістанда екі пойыз соқтығысып, 15 адам қаза тапты

1114

0

Фото: Avesta

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, кем дегенде 15 адам қаза тапты. Бұл туралы PTI агенттігі хабарлайды, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, қаза тапқандар арасында жүргізушілердің бірі бар. Тағы 60-қа жуық адам жарақат алды. Бұған дейін 5 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.

Жергілікті полиция өкілі Абхишек Рой тілшілерге «жағдай күрделі» екенін мәлімдеді.

Пойыздар жергілікті уақыт бойынша 09:00 шамасында соқтығысты. Мәлім болғандай, Рангапани станциясының маңында жүк пойызы жүрдек пойызға соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Мен шенеуніктермен жағдайды талқыладым. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару жұмыстары жалғасады. Темір жол министрі Ашвини Вайшнав апат орнына бара жатыр», – деді Моди X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<