Үш рет ажырасқан Бритни Спирс өз-өзіне тұрмысқа шыққанын мәлімдеді

292

0

Фото: Видеодан скрин

Америкалық әнші Бритни Спирс үшінші некесі сәтсіз аяқталған соң өзіне-өзі тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

42 жастағы өнер жұлдызы ақ фата мен атлас іш көйлек киіп алып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

«Өзіме тұрмысқа шыққан күн… Бұл ерсі әрі ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ меніңше, бұл менің өмірімдегі ең дұрыс шешім болды», – деп жазды әнші.

Өнер жұлдызының желідегі жазбаларында пікір қалдыруға тыйым салынған. Сол себепті желі қолданушыларының әншінің бұл шешімін қалай қабылдағаны белгісіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<