Үшем дүниеге келді

1089

0

Ана мен баланың жағдайы жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Любовь Ходырева мәлімдеді.

«Ақсу қаласының 28 жастағы тұрғыны екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Қыздың салмағы – 1,6 келі, ал ұлдар үлкенірек – 2,2 және 2,4 келі. Бұл – ақсулық келіншектің үшінші рет жеңілденуі. Үшем кесарь тілігі арқылы алынған» дейді орталықтың бас дәрігері.

Айта кетерлігі, бұл – Павлодар облысындағы биылғы алғашқы үшем.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<