Үстел теннисінен Қызылорда облысы әкімінің кубогына арналған облыстық біріншілік басталды

161

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін «Үстел теннисі орталығында» Тәуелсіздік күніне орай теннистен Қызылорда облысы әкімінің кубогына арналған облыстық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық үстел теннисі федерациясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев арнайы қатысты.

Шахмардан Асқарұлы спорт саласының жыл көлеміндегі жетістіктеріне тоқталып, қатысушыларға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

Абзал Ералиев теннистің жастар арасындағы даму қарқынын, алдағы уақытта теннис клубы ашылатынын тілге тиек етті.

Аталған облыстық біріншілік екінші рет ұйымдастырылуда. Байрақты бәсекеге 7 ауданнан 150-ге жуық спортшы қатысуда. Үздіктерге облыс әкімінің арнайы кубогы табысталады.

Үстел теннисінен Қызылорда облысы әкімінің кубогына арналған облыстық біріншілік басталды

Айта кету керек, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысының бастамасымен Сыр өңірінде заманауи үлгіде жабдықталған спорт кешендері салынуда.
Бұл өңір халқының спортпен тұрақты шұғылдануына және спортшылардың тыңғылықты дайындалуына мүмкіндік берді.

Өткен жылы 13 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы қолданысқа берілді. Осы жылға өтпелі болған 4 нысанның құрылысы толық аяқталды.

«Үстел теннисі орталығы» қазан айында пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, сол жағалауда халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық стадионның іргетасы қаланды. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүруде. Алдағы уақытта «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<