«Ұлттық қор-балаларға «: Әр балаға ақша түсіп бастады

1018

0

Фото: ашық дереккөз

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 100,5 доллардан түсіп бастады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев өзінің Instagram парақшасында. Ақпаратты kids.enpf.kz сайтынан көре аласыздар.

Алайда сайтта «Сервис 1 ақпаннан бастап қосылады» деп көрсеткен. Депутат мұны сайтқа кірушілердің шамадан тыс көп кіруімен байланыстырады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Енді кәмелетке толмаған барлық қазақстандықтарға Ұлттық қордан инвестициялық кірістің 50%-ы теңдей үлесте есептеледі. 

Балалардың заңды өкілдері есептелген алғашқы қаржы туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінен көре алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<