Кеше Жалағаш ауданы бойынша бөбекжайлар мен балабақшаларда ұлттық спорт түрлерінен ертеңгілік ұйымдастырылды.
Балаларға ләңгі тебу, арқан тарту, қазақша күрес, қой көтеру, асық ату және басқа да ұлттық ойындар ұсынылды.
Әрбір ұлттық ойын баланың физикалық және рухани дамуына үлкен ықпал етеді. Ұлттық спорт түрлері арқылы балалар тек қана денсаулығын жақсартпай, өз тарихын, мәдениетін, ұлттың бай мұрасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бұл ойындар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әрқайсымызға еліміздің сан ғасырлық дәстүрлерін сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетеді.
Ұлттық спорттың осындай қасиеттері баланың бойында патриотизм мен бірлік сезімін қалыптастырып, қоғамда ынтымақ пен түсіністік орнатуға үлес қосады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<