Ұлттық жоба нәтиже беруде

592

0

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы өз жемісін бере бастады. Аталған бағдарлама аясында кәсібін бастағысы келген жандардың арасында жастар көптеп табылады. Олардың қатарында Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрбол Маделханов бар. Осы жоба бойынша 2022 жылы 5 млн. теңге қайтарымсыз грант алып, гофрленген тақта өндірісін қолға алған.

– Кез келген іс бірден оңтайлы жолға түсіп кетпейтіні белгілі. Кедергілермен күресу арқылы келген табыс та құнды. Сол секілді біз де ойға алған ісімізді бастар кезде қаржылық мәселелер туындады. Құрылыста көп қолданылатын гофрленген тақта өндіретін цех қаламыздан ашуды жөн көрдік. Сондай-ақ, аудан, қала халқына қолайлы бағада сатылымға шығарамыз. Біздің мақсат – аймағымызды дамыту. Халыққа сапалы өнім беру үшін еліміздегі ең сапасы жоғары шикізаттарды пайдаланамыз, – дейді Нұрбол Маделханов.

Цех директоры Нұрбол Маделхановтың айтуынша, енді ғана ашылғандықтан әзірге 2 адам жұмыс істеп жатыр.

– Бұл істі жаңадан бастап жатқандықтан, әзірге көп адамды жұмысқа алып үлгермедік. Әрине, біртіндеп кәсібіміз жолға қойылған соң жұмысшылар қатарын да арттырамыз. Гофрленген тақтаның екі түрін шығарамыз, қалыңдығы 0,33 және 0,35 миллиметр. Елімізде тақтаның бұл екі түрі де үлкен сұраныста.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<