Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды

329

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, құрылыс саласын цифрландыру, қала құрылысы кадастры мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 28 медицина­лық нысан салынып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 9 млрд 773 млн теңгенің 4 жобасы қолға алынған.

Өткен жылы Шиелі ауданындағы қосымша ғимарат пен жұқпалы аурулар бөлімшесінің құ­рылысына Үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлініп, жұмыс жүруде. Нысандар мау­сым айында іске қосылады. Биыл Арал, Жаңа­қорған, Қазалыдағы көпбейінді аудандық ауру­­ханалар ғимараттарына қосымша құры­лыс салуға арнаулы мемлекеттік қордан 6 млрд 900 млн теңге қаралып, құрылысы бас­тал­ды. Жыл аяғында пайдалануға беру жоспарланған.