«Ұлы дала жорығы-2024»: Екінші күннің қорытындысымен жеңімпаз – Алматы қаласы

357

0

Фото: Ultsport.kz

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі 20 мамырда Төртқұдық елді-мекені маңында аяқталды.

Екінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде Батыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Екінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан екі аттан, ШҚО, Жетісу, Қарағанды, облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 21 мамырда 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.

100 км:

1. Алматы қаласы – 6 сағ. 46 мин.

2. Жетісу облысы – 6 сағ. 48 мин.

3. Маңғыстау облысы – 6 сағ. 52 мин.

4. Қостанай облысы – 6 сағ. 59 мин.

5. ШҚО – 7 сағ. 03 мин.

6. Жамбыл облысы – 7 сағ. 27 мин.

7. Қарағанды облысы – 7 сағ. 44 мин.

8. Астана қаласы – 7 сағ. 58 мин.

9. Ақмола облысы – 8 сағ. 04 мин.

10. Түркістан облысы – 9 сағ. 04 мин.

11. Абай облысы – 9 сағ. 09 мин.

12. Павлодар облысы – 9 сағ. 42 мин.

13. СҚО – 9 сағ. 45 мин.

14. Ұлытау облысы – 10 сағ. 03 мин.

15. «Рекорд» командасы.

Биыл «Ұлы дала жорығына» еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы «Рекорд» командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің Арғымақ жылқылары әдейі енгізіліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<