Ұлытау облысында жанар-жағармай тапшылығы өршіп тұр

296

0

Фото: Zakon.kz

ҚР Энергетика министрлігі 2024 жылғы 22 қазанда Ұлытау облысының құрамына кіретін Жезқазған қаласындағы жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қоры туралы мәлімет берді. Айта, кетейік өңір тұрғындары бензин тапшылығына шағымданған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакциямызға Жезқазған тұрғыны хабарласып, қалада «бензин тапшылығы» пайда болғанын және «ешкім жанармай таба алмай жатыр» деп мәлімдеді. Тиісті бейнелер әлеуметтік желілерде жарияланды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Ұлытау облысындағы ЖЖМ қоры:

  • АИ-92 — 0,72 мың тонна немесе 10 күнге;
  • АИ-95 — 0,13 мың тонна немесе сегіз күнге;
  • Дизель отыны — 3,06 мың тонна немесе 14 күнге.

Өз кезегінде ҚМГ Ұлытау облысының қандай автожанармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензинді құюға болатындығын айтты.

Helios-шектеусіз;

  • «Бүркіт», Petroretail, «С-Мұнай» – талондар бойынша.

Биліктің мәліметінше, аймақтың жекелеген жанармай құю станцияларында жанар-жағармай тапшылығы жеткізілімдердің кешігуіне байланысты пайда болды.

«Бүгін түнде ЖЖМ бар екі вагон келді, аптаның соңына дейін – 16 вагон жеткізіледі. Қабылданған шараларға сәйкес, 23 қазанда ЖЖМ сату бойынша ахуал тұрақтандырылуда, ЖЖҚС-да қолданылып жатқан шектеулер алынып тасталады», – Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<