Ұстаз жаққан шырақ сөнбейді

86

0

1973 жылы Жалағаш ауданын­дағы №119 «Жаңаталап» сегіз­жылдық мектебінің директоры қыз­метінен «Аққұм» ауылындағы №38 «Шымбөгет» орта мектебіне директор болып ауысып келге­нім­де Гүлжан Қаниева пионер ұйы­мының жетекшісі болып қызмет істейді екен. Кешегі кеңес өкіметі заманында 14 жасқа дейінгі оқу­шылар пионер ұйымының қата­рына қабылданып, сол ұйымның ережесімен, тәртібімен жұмыс жасайтын. Оған ұстаздар тара­пы­нан басшылық жасайтын же­текші «аға пионер вожатый» деп ата­латын. Ол жұмысты аса бір қы­зы­ғушылықпен, шын көңіл­мен, ізденіспен басқарды. Пио­нер ұйымының атрибуттарын қатаң сақтады. Оқушыларды ізденім­паз­дыққа, қоғамдық жұмысқа жан­ашыр­лықпен қарауға үйретті, үл­гілі жетекші болды.

№38 «Шымбөгет» орта мектебі 1976-1977 оқу жылынан облыстың «Үлгі тірек» мектебі аталып та­ныла бастады. Осы уақытта бі­лік­ті, ізденімпаз мұғалімдер адал да қажырлы еңбегімен облысқа, ел­ге белгілі болды. Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі іс-тәжі­рибе облыс мектептеріне тара­ты­лып, арнайы плакат шыға­рыл­ды. Облыстық оқу бөлімі мен мұ­ға­лімдер білімін жетілдіру инс­ти­туты арнайы шығарылған пла­катты облыс мектептеріне таратып, мұғалімдердің іс-тәжірибесін көп­ке үлгі етіп насихаттады. 1977 жылы мектеп басшыларының об­лыстық семинары өткізілді. Гүл­жан Қаниева осы жұмыстардың бә­ріне белсене араласты, басы-қасында болды.

Ол жас ұрпаққа өрелі білім, өнегелі тәрбие беруде 40 жылдан аса уақыт бір ұжымда қызмет ет­ті. Қызылорда қаласындағы М.Мә­метова атындағы педагогикалық училищені, кейіннен педагоги­ка­лық институтты бастауыш сы­ныпты оқыту методикасы мен пе­дагогикасы мамандығы бойын­ша бітірген.

Жаңа қоғамға лайықты, рухани жан дүниесі бай, дүниетанымы, талап-талғамы, білімі мен білігі жоғары тұлға тәрбиелеуде ұстаз еңбегі қашан да ерекше. Кейіннен бастауыш сынып мұғалімдігіне ауысып, ұзақ жыл еңбек етті. Арнаулы орта білім алғаннан соң, педагогикалық оқуда сырттай оқып, оны ойдағыдай аяқтап, өз ісінің жоғары білімді, тәжірибелі маманы болды. Мектепте қоғам­дық ұйым басқарды.

Жаны жайсаң, көңілі дарқан, иманды да көркем мінезді, адам­гершілігі биік болатын. Қай қыз­метті де, қоғамдық жұмысты да беріле атқарып, артында өшпестей із тастап, замандастары мен ұр­пағына үлгілі-өнегелі тұлғасын сый­лата білді. Ақынжанды, пара­сатты жанның басшылық қызметі мен отбасындағы тәрбиесі де ел сүйсінетіндей. Елге ақылшы апа атанып, жан-жағына нұрлы шуа­ғын шашып жүруші еді.

Еңбекке деген адалдығымен, ізденімпаздығымен зейнетке шық­қанға дейін 1992-2002 жылдары №38 А.Бисенов атындағы орта мектеп директоры қызметін ат­қар­ды. Бұл ел тарихында жаңа фор­ма­цияға ауысқан қиын кезең болды. Сонда да қиыншылықтарға қарамай ұжымды үлкен жетіс­тік­терге бастады.

Педагогтердің конкурстарына, сайыстарына қатысты, «Жыл мұ­ғалімі», «Аға мұғалім» атақтарын алды.

Дүниенің ондаған, жүздеген елінде жас ұрпақ мектепке қа­рай ағылғанда ол мәңгілік са­парға ат­танды. Ұстаз ұлағаты ұмы­­тыл­май, шәкірт жүрегінде жа­ғылған шырақтай жарқырап, сәулесін ша­ша бермек.

Әлихан МЕҢЛІБАЕВ,

№38 А.Бисенов атындағы орта мектебінің 1973-1982 жылдардағы директоры,

Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаты