Ықпалдастықты кеңейтуге ниетті

205

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Швей­цария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Президент швейцариялық мамандар Қазақ­станның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.
Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.