Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады

1075

0

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап:

– Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (бұдан әрі – АЕК) – 2917 теңге;

– Ең төменгі зейнетақы – 43272 теңге;

– Базалық зейнетақы төлемі – 18524 теңге;

– Күнкөріс деңгейі – 34302 теңге;

– Ең төменгі жалақы 42500 теңге мөлшерінде белгіленді.

Осыған орай, келесі жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнет­ақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөл­шерден 7%-ке арттырылады. Та­ғайын­далатын зейнетақы төлемін есептеу үшін ескерілетін табыс ең жоғарғы 46 еселенген АЕК-тен (134182 теңге) аспауға тиіс.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байла­нысты көбейтіледі. Оның мөлшері «Қа­зақ­стан Республикасында зейнет­ақы­мен қам­сыз­дандыру туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне проценттік арақатынаста белгіленеді.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айы­­ры­луына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушы­лардың төлемдері күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

№1, №2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнау­лы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақыларының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

Балалар жәрдемақысына қатысты, бала туғанда берілетін біржолғы жәр­демақы мөлшері бірінші-үшінші бала туғанда 105564 теңгеден (2020 ж.) 110846 тең­геге (2021 ж.) немесе 5282 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туғанда бері­летін жәрдемақы 175014 теңгеден 183771 теңгеге немесе 8757 теңгеге артады.

Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері туу кезектілігіне байланысты: бірінші балаға 16802 теңге, екінші балаға 19865 теңге, үшінші балаға 22899 теңге, төртінші және одан да көп бала туғанда 25962 теңгені құрайды.

4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. 8 және одан көп баласы бар отбасыларға әрбір балаға жәрдемақы 4 АЕК мөлшерінде белгіленеді.

Атап айтқанда, 4 балалы отбасыларға 46760 теңге, 5 балаға 58457 теңге, 6 балаға 70154 теңге, 7 балаға 81852 теңге, 8 балаға 93344 теңге, 9 балаға 105012 теңге, 10 балаға 116680 теңге және одан әрі қарай бала санына байланысты есептеледі.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 236,9 мыңнан аса алушыға зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін арттыру, 2021 жылғы қаңтар айының төлем қажеттілігіне енгізу жұмыстары толығымен аяқталды.

Л.БОРАНБАЕВА,

еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон комитетінің

облыс бойынша департамент басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<