
Алдағы кезеңде адамзат жаңа дәуірге қадам басады. Жер бетінде мейірім артады, қақтығыс азаяды, келісімге келушілік көбейеді. Адам баласы өзінің түбі бір екенін мойындап, орасан күшін адамзат құндылығын арттыруға жұмсайды.
Сындарлы шақта жұртымыз үрейге берілмеуі тиіс. Ауру адам ағзасына мидың ойлауымен байланысты келіп түседі. Үрейленген сәтте иммунитет әлсіреп, ағза сыртқы әсерлерді қабылдағыш келеді. Дана халқымыздың «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген тәмсілі есте болуы тиіс.
Өркениетті қоғам өршіген дертпен жан аямай күрес жүргізіп, халықтың саулығы үшін атқа мінер азаматтар қара басын қатерге тігіп күндіз-түні іс үстінде жүр.
Коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты биылғы жылдың 31 наурызы мен 15 сәуіріне дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша шектеу шаралары енгізілді. Бұл қазіргі кезеңде өте қажетті шара. Жергілікті жұрт ортақ мүддеге қайшы келетін әрекеттерден тыйылу керек. Ертең-ақ бұлттан шыққан күндей болып жақсы кезең қайта туады. Сол күнге аман-сау жету үшін жасалып жатқан шараларға шынайы ықыласымызбен, оң пейілімізбен атсалысу – әрбірімізге міндет.
Нартай ТҰРСАНОВ,
халық емшісі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<