Жалағаш ауданында бірлік пен келісім тақырыбында кездесу өтті

146

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Бүгін этносаралық келісімді нығайту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мақсатында «Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері Жалағаш ауданында тұрғындармен және аудандық ҚХА жанындағы құрылым өкілдерімен кездесу өткізді.

Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Дәулет Омаров пен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, этносаралық қатынастардың мәдениеті және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Кездесуге қатысушылар тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, бірлік пен татулықтың ел дамуы мен тұрақтылығы үшін маңызын атап өтті.