Сурет: Ашық дереккөзден
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 19 наурызда өткен сайлауда. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.
Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:
Нұрлан Әуесбаев;
Асхат Рахымжанов;
Ажар Сағандықова;
Наурыз Сайлаубай.
«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді»,-делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. Сайлау күні 6 366 441 адам дауыс берді.
Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<