Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі тіркелді.
— Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген. Есептік қарқындылығы нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.
Табиғи апат салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды.
Ал «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келмегенін атап өтті.
Бұдан бөлек Қазақстанда болған жер сілкінісі Қырғызстанда да сезілгені айтылды.
Сонымен қоса Мьянмада 7,9 балдық жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланды.
Кейіннен Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<