Жаңа амбулатория ел игілігіне сапалы қызмет көрсетуде

7

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2023 жылы Аламесек ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Үкіметтің қолдауымен халық денсаулығын нығайтудағы жаңашылдықтар мен бастамаларды атап өткен болатын.

Аламесек ауылдық округінде ашылған амбулаторияның қызмет көрсету аймағына көршілес Жанадария және Еңбек ауылдарының тұрғындары да кіреді. Мұнда заманауи лабораториялық құрал-жабдықтармен жабдықталған түрлі медициналық қызметтер ұсынылады. Амбулаторияда тіркеу орны, қабылдау бөлмесі, дәріхана, оқшаулау бөлмесі, физиотерапиялық емдеу бөлмесі, егу кабинеті, лаборатория, архив, күндізгі емдеу стационары және жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті бар. Емделушілер үшін барлық жағдайлар жасалған.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі