Жаңа нысандар, тың жобалар және өркендеу жолы

106

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары ая­сында аймақтың дамуын көзбен көріп, ел игілігіне бағытталған жобалардың жүзеге асу ба­рысымен танысты.
Мемлекет басшысы жүзеге асы­рылып жатқан халықшыл бас­­­тамалар мен әлеуеті кең сер­пін­ді жобаларды, аймақтың әлеу­меттік-эко­­но­ми­калық дамуы ба­ғы­тында атқарылып жатқан ау­­­қым­ды жұмыстарды жоғары баға­лады.

Президентіміз зиялы қауым өкілдерімен кездесуде: «Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқын бар, жоғары. Сон­дықтан әкімге ризашылығымды айттым. Бұдан әрі қарай да бірге жұмыс істей береміз» деп оң бағасын берді.

Мемлекет басшысының тіке­лей қолдауымен аймағымыз қарқынды даму жолында. Мы­салы, кейінгі үш жылда негізгі макроэкономикалық көр­сет­кіш­тер бойынша республикада көш бастап тұр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бас­шылы­ғымен өңір экономикасына тарты­латын инвестициялық түсімдердің жыл сайын еселеп артуы, құрылыс қарқынының өсуі, әлеуметтік-экономикалық, аграрлық және тағы басқа салалардағы жетістіктер өңірі­міздің барлық бағыт­ының нақты дамуын айқындайды.

Бюджет қаржысын тиімді пай­далану, әлеуметтік саладағы ауқым­ды істер, халықтың өмір сүру сапасын көтеру, ауылдың әлеуетін арттыру, елді мекен­дердің инфра­құры­лымын жақ­сар­ту, мә­дени-рухани жаңғыру, көр­кейту, абаттандыру және сани­тарлық тазалықты сақтау бағы­тындағы озық жұмыстар кеңінен насихатталып, үздік тә­жіри­бе ретінде республиканың өзге өңірлеріне таратылып келеді.

Ерекше кездесуде болу бақыты бұйырған маған Прези­денттің «Ірі мега­полис Астана мен Алматыдан кейін жаңа кітапхана Қызылордада ашы­лады» деген қуанышты жаңа­лығы айрықша әсер етті. Сыр елінің шығармашылық адам­дары мен қарымды қалам­гер­лерге бай өңір екенін ескерсек, бұл байыпты бастама зиялы ұлттың зерделі, зерек ұрпағына жасалған тамаша тарту болары сөзсіз.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде жастардың дамуына аса мән беріп, оларды тәрбиелеу мен дұрыс бағыт көрсетудің маңыз­дылығын атап өтті. Тәрбие мен тәртіп жоқ жерде істің берекесі болмайды. Қазіргі заманда жас ұрпақтың бойына ұлттық құн­дылықтар мен дәс­түрді сіңіре отырып, жаңа дәуір талабына бейімдеу – ең өзекті мәселе. Осы­­ны атап өткен Президент маман­дардың білік­тілігін арт­тыру, адам­заттың мүмкіндігін кеңей­тудегі жа­санды интеллектті дамытуға ден қою қажеттігіне тоқталды. Оны тек ермек емес, игілік пен дамуға қызмет ететін құрал етуіміз керектігіне айрық­ша тоқталды.

Президенттің сөзінен әрбір азаматты ізгілікке, отаншылдық пен адалдыққа, тазалыққа үн­дейтін терең мағына сезілді.

Гүлшат МҰСАЕВА,

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы,

облыстық мәслихат депутаты