Жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды

126

0

Фото: parlam.kz

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін таңертең Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.