Жаңа оқу жылы мен жылу маусымына дайынбыз ба?

179

0

Фото: «Amanat» партиясы

«Amanat» партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында жаңа оқу жылы мен жы­лу маусымына дайындық жайы қозғалды. Облыстық білім басқар­масы басшысының орынба­сары Ер­нат Алпысбаевтың айтуын­ша, биыл 17423 бала мектеп табал­ды­­рығын аттайды. Құжат қабыл­дау жұмысы 31 тамызға дейін жалғасады. Өңірде мектепке дейінгі 676 ұйым, 339 мектеп жұмыс істеп тұр.

– Қыркүйекке дейін Арал ауда­нының Сексеуіл кентінде, Қызыл­орда қаласының Арай шағын ауда­нында, Қызылжарма ауылдық ок­­ру­­гін­де және қазан айында СПМК-70 ша­ғын ауданында мектеп­тер пай­да­лануға беріледі. Жаңа оқу жы­лында мектептерде 189 288 бала білім алады. Бұл өткен оқу жылымен салыс­тырғанда 4364 балаға көп. Қазіргі күні қалалық, аудандық бі­лім бөлімдері оқушылар тізімін жа­сап, оқу-тәрбие процесін бастау үшін ұйым­дастыру шараларын жү­зеге асырып жатыр, – дейді ол.

Биыл 56 мектепті жөндеуге 1,6 млрд теңге бөлінді. Соның 53-де жоспарланған жұмыс аяқталды. Қал­­ған 3 мектепті мердігерлер 25 та­­мызға дейін бітірмек.

Басқарма басшысының орын­ба­­сары оқушылардың қауіпсіздігі ба­­ғытында жасалып жатқан жұ­мыс­­тарды да тілге тиек етті. Оның айтуынша, білім беру ұйым­да­ры түгел қауіпсіздік жүйесі­мен қам­тыл­ған. Қала, аудан орталық­тарындағы білім беру ұйымдары жедел бас­қару орталығына қосылған. Биыл жер­гілікті бюджеттен мектеп, бала­бақша, қосымша білім беру ұйым­дарына қосымша 1 млрд 385 млн теңге қаржы бөлінді. 1 қыркүйекке дейін ондағы бейнебақылау жүйесі жаңартылады.

Облыстық энергетика және тұр­ғын-үй коммуналдық шаруашы­лы­ғы басқармасы мәлімдегендей, ал­дағы жылу маусымына дайындық тұ­рақты бақылауда.

– Биыл жылумен қамту нысан­да­рын жаңғыртуға 13,5 млрд тең­ге ба­ғытталды. Қызылорда жылу-электр орта­лығының 3 бу қа­зан­ды­ғын жаң­­ғырту жұмысын аяқ­тауға Үкі­мет ре­зервінен 2,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Өткен жылы хи­миялық су тазарту цехы мен насос қондыр­ғылары ауыс­тырылды. Биыл 1 қазандық жет­кізіліп, ол монтаждалып жатыр. Та­мыз айының соңына дейін 2 қазан­дық жеткізілмек. Жұмыс жылу беру маусымына дейін аяқталады, – дейді аталған басқарманың бөлім басшысы Нұржан Мамбетияров.

Қызылорда жылу-электр орта­лы­­ғында жергілікті бюджет пен кә­сіпорын қаржысы есебінен 1 генератор, 4 күштік транс­форма­тор­ды жаңғырту, 10 бу қазандығы мен 21 автономды қазандықты жөн­деу жоспарланған. Негізгі жы­лу ор­та­лығындағы №6 бу қазан­ды­ғы, оңтүстік қазандықтағы №2 КЕ қазандығы және №2, 17, 18 авто­номды қазандықтарда, №3, 4 күштік трансформаторда, 35 кВ ашық тарату қондырғысына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 77 пайызға орындалған.

– Жылу желілерін жаңғырту ба­ғытында бюджеттен 6 жобаны іске асыруға қаржы қаралған. Әзір­ге 4 жобаның 50 пайызы орын­дал­ды. Қазантаев, Желтоқсан кө­шеле­ріндегі жобалар бойынша мате­риал­дар толық жеткізіліп, құбыр­ларды мон­таждау жұмыстары бастал­ды. Бұл нысандар жылу беру маусы­мына дейін аяқталады,– дейді бас­қарма өкілі.

Облыс орталығында салынып жат­қан жаңа жылу-электр орталы­ғының құрылысы бойынша өзек­ті мәселе жоқ. Айта кетейік, Қызыл­орда қаласында қуаттылығы 240 ме­гаватт электрэнергиясын құрай­тын жаңа жылу-электр орталығының құ­рылысы жақын күндері аяқталып, қолданысқа беріледі.

Жиын соңында партия филиа­лының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова әлеуметтік осал топтағы балаларды мектепке қажетті құ­рал-жабдықтармен, балалардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында жаяу жүргіншілерге арналған жол жолақтарын дұрыстау, мектеп оқушылары мен мұғалімдер ара­сында құқықтық сауаттылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге ба­ғыт­талған жұмыстарды қолға алу, сонымен қатар жылу желілері бо­йынша облыста жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, соның ішінде Қызылорда қаласындағы жылу же­лілерінің тозу көрсеткішін азайту мақсатында атқарылып жатқан 6 жобаның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Күн тәртібінде көтерілген мәсе­лелер жан-жақты талқыланып, жа­уапты басқармаларға ұсыныстар бе­рілді.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»