Жаңа партия мүшелеріне партиялық билеттер табысталды

90

0

Қызылорда қаласында Қазақстан Халық партиясы Жақтастарының форумы өтті. Форум халық пен партияның байланысын күшейтіп, маңызды мәселелерді талқылауды және алдағы мақсаттарды айқындауды көздейді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Еңбек адамы – 2025» республикалық байқауы аяқталып, түрлі салада үздік атанған мамандар марапатталды. Сонымен қатар, жаңа партия мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.

Ашық диалог, нақты шешімдер, қоғамды өзгертуге дайын жастар мен тәжірибелі мамандар — бәрі бір ортада, бір мақсатта.

Форумда еліміздің әлеуметтік мәселелері, аймақтардың дамуы, азаматтардың құқықтары мен күнделікті өмірін жақсарту жолдары талқыланды. Әр спикердің ойы – нақты, мәселеге бағытталған, ал қатысушылардың энергиясы – ерекше.