Жаңа серпін

281

0

Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы ерекше форматта ұйым­дастырылып, мазмұны мен маңыздылығы жағынан айрықша жиын ретінде есте қалды. Секциялық отырыстар аясында қатысу­шыларға өз ойларын ашық айтып, қоғам үшін маңызды ұсыныстарын білдіруге мол мүм­кіндік берілді. Бұл – демократиялық құнды­лықтарды нығайтып, азаматтық белсен­ділікті арттыруға бағытталған оң қадам.

Сессия барысында Ассамблеяның ел бірлігін сақтау мен нығайтудағы орны мен рөлі қозғалды. Сондай-ақ құрылымның қо­ғам­дық келісімді қамтамасыз етудегі маңыз­дылығына Мемлекет басшысы айрықша тоқталды.

«Ассамблея – қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналды және алдағы уақытта да солай болып қала бермек» деді Президент.

Бұл сөз – Ассамблеяның алдағы кезеңдегі жұмысының нақты бағдарын айқындайды. Құрылымның алдында үлкен жауапкершілік пен сенім жүктеліп отырғаны анық. Ұлттық мүдде, ел бірлігі, тұрақтылық пен татулық Қазақстанның табысты дамуының негізі болып қала бермек.

Сессия қорытындысы бойынша Ассам­блея­ның негізгі міндеттері мен жұмыс бағыт­тары нақтыланды. Бұл – елдің біртұтас руха­ни-мәдени кеңістігін қалыптастыруда маңыз­ды рөл атқаратын жалпыхалықтық орган ретінде Ассамблеяның өз миссиясын абы­роймен атқара беретінінің айғағы.

Дильфура БАЙРАХТАРОВА,

облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары