Жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісу

4657

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов 14 наурыз – Амал күніне арналған мерекелік шараға қатысып, аудан тұрғындары мен құрметті қонақтарды ұлттық мерекемен құттықтады.

«Тарихтан сыр тартқан, халқымыздың көне салт-дәстүрлерін, ғибратты тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын амал күнін тойлау бүгінгі күні тамырын тереңге жайған оң үрдіске айналды.

Жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісу

Амал мейрамы – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын таразы. Осындай игілікті сәтте отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.

Алдымыздағы үлкен мереке – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің бастауы болып саналатын амал күні баршаңызға құтты болсын, ағайын! Амалдан амалға аман-есен жете берейік», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісу

Жалағаш ауданының өнерпаздары халыққа ұсынған мерекелі концетінде алғаш рет кішкентай бүлдіршіндерімізден құралған ансамбльдің тұсауын кесті.

Аққыр ауылдық клубы жанынан құрылған «Бал-бала» шулы аспаптар ансамблі «Аспаптар» әнін орындап, халықтың ықыласына бөленді.

Жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісу

Мерекелік шарада аясында креативті индустрияға байланысты «Ulttyk style» көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жалағаштық өнер тапқыштардың көрмесімен танысқан Ардақ Ибраимов қол өнер шерберлерінің туындылары үлкен еңбекпен сапалы шыққанын жеткізіп, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<