Жаңақорған ауданында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілуде

446

0

Фото: ашық дереккөз

Облыс әкімінің орынбасары Б.Жахановтың «Күріштік алқаптар мен су айдындарында қалған балық шабақтарын құтқару» іс-шарасы аясында Жаңақорған ауданында шабақ құтқару акциясы өтті.

Аталмыш акцияға Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Арал-сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің маманы және табиғат пайдаланушылар қатысты.

Нәтижесімен Аққорған ауылдық округінің «Р-11» каналынан «Кіржуған» көліне 49251 дана және «Жыңғылдысай» көліне – 58 612 дана барлығы 107 863 дана балық шабақтары құтқарылып, жіберілді.

«Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-сі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<