Жаңарған саябаққа тал егілді

219

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қайта жаңғыртудан өткен Қорқыт ата саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тал егу шарасына қатысты. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары және қала тұрғындары келді.

«Қорқыт ата» кітабының 1300 жыл­дығына арнап орнатылған ес­керткіш маңындағы саябақ 2002 жылы ашылған. Бүгінде толық жаңа­рып, тұрғындардың демалысына, серуен­деуіне, балалардың ойнауына қолайлы орынға айналды.

Абаттандыру жұмыстары 38 828 шаршы метр аумақты қамтыды. Оның 1826 шаршы метрі – құрылыс алаңы, 13430 шаршы метріне брус­чатка төселген, ал 23 572 шаршы метрі көгалдандырылған.

Саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, спорт және балалар ойын алаңдары, серуен жолдары мен жарық шамдар орнатылған. Сондай-ақ келушілердің жайлы демалысы үшін орындықтар, шағын сәулеттік нысандар қойылып, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізілген.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңір­дің барлық елді мекенінде жап­пай сенбіліктер мен тал егу шаралары ұйымдастырылды. Шара барысында облыс аумағындағы скверлер мен аллеялар, парктер мен көшелер, те­мір­жол, су айдындары және респуб­ли­калық, облыстық маңызы бар авто­­­мобиль жолдарының бойы тазартылды.

Жалпы экологиялық акцияға 20 мыңға жуық адам қатысып, зиялы қауым, еріктілер, экобелсенділер, үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері, кәсіп­­орындар мен мекеме қыз­мет­керлері белсенділік танытты. Нәти­жесінде облыс аумағына 13 мың түп тал егілді.

«СБ» ақпарат